Тәртіпсіздікте қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиелері кешіріледі

0 6

Тәртіпсіздікте қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиелері кешіріледі. Бұл туралы ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

-Тәртіпсіздіктерде қаза тапқан әскери қызметкерлердің несиелері кешірілді. Осындай жұмыс бейбіт тұрғындар бойынша да жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда агенттік осы жұмысты жүзеге асырып жатыр, — деді ол.

Терентьевтің айтуынша, несие тәртіпсіздік кезінде жәбір көрген заңды және жеке тұлғаларға шегеріледі.

Төтенше кезінде төленбеген несиелерге айыппұл қосылмайды, — деді ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.