Қайғылы қаңтар: ІІМ іс жүргізуіндегі қылмыстық істердің негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды

0 18

Террористік актілердің себептерін және оларды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктердің себептерін анықтау жөніндегі тергеуді арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жүзеге асырады. Өз кезегінде, ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздік аясында жасалған басқа да қылмыстар бойынша тергеуді жалғастыруда. . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Бүгінде ішкі істер органдарының өндірісінде 2 285 қылмыстық іс, олардың негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды. Бұл 1 674 іс немесе тіркелгендердің жалпы санының 73%», — деді ІІМ өкілі тергеу мәліметтерін жария ете отырып.

Leave A Reply

Your email address will not be published.