Қала әкімі Е.Жылқыбаев кезекті рет қаладағы бірнеше нысанның жұмысымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Алдымен шаһар басшысы №56 орта мектебінде орналасқан шағын орталықтың жағдайымен танысты. Орталық кішігірм болғанымен ішінде балаларға қажетті барлық жағдай жасалған.Өз кезегінде қала әкімі тиісті бөлім басшыларына шағын мектептің сыйымдылығын арттыру және маңына демалыс скверін салу бойынша саралау жұмысын жүргізуді тапсырды.
Келесі кезекте қала әкімі «125 HIGH SCHOOL» жеке мектептің жұмысымен танысты. «125 HIGH SCHOOL» мектебі тек өңірде емес, бүкіл Қазақстанға эффективтік оқу методикасы мен білімгерлердің оқудағы жоғары көрсеткішімен танымал.Мектеп басшысының айтуынша мектептің филиалдарын көрші мемлекеттерде де орналастыру жоспарлануда.
Бұдан кейін ЖК«Беркенова» декоротивті тастар, ұлттық нақыштағы ағаш ыдыстар өңдеу цехының жұмысымен танысқан қала әкімі жеке кәсіпкерлдің жұмысына жоғары баға беріп,ісіне сәттілік тілеп,өз ісін бастаған азаматтарымызды қолдайтынын жеткізді.