Заңсыз криптовалюта өндірген танымал тұлғалардың есімдері белгілі болды

0 13

Қазақстанда 55 майнинг фермасы өз еркімен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Өз қызметін тоқтатқан майнинг компаниялары арасында Павлодар облысындағы Болат Назарбаев және Александр Клебановқа, Ақтөбе облысындағы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды ​​облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулинге қарасты фермалар бар», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚМА мәліметінде тағы 51 майнинг фермасының заңсыз жұмыс істеп жатқаны айтылған. Ведомство олардың арасында кәсіпкер Қайрат Итемгенов пен Ішкі істер министрлігінің бұрынғы департамент басшысы Тілеген Мәткеновке қатысы бар компаниялар барын айтты.

«Олар жұмысы басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз электр энергиясына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақ аумағына негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Бүгінде бәрі электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған», — деді ведомство өкілдері.

Жалпы, Қаржы мониторингі агенттігі бүгінге дейін 25 қылмыстық іс тіркеп, 67 мыңнан астам техника тәркіледі. Құны — шамамен 100 миллиард теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.