Облыс әкімі қала іргесіндегі алқап тұрғындарымен кездесті

0 8

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен кездесулер өткізіп, облыс орталығы, аудан, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиындарына қатысуда , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аймақ басшысы Тараз қаласының іргесіндегі Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Жиделі, Шаңырақ, Қызылабад алқаптарының тұрғындарымен кездесті.

— Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты – жергілікті билік азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Біздің басты міндетіміз – мемлекеттік органдардың халықпен өзара байланысын нығайту, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі ел басшылығының қолдауының және жамбылдықтардың қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асып, өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айрықша атап өтті. 2021 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.