Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 8 азамат жазылды.
Кездесу барысында тұрғындар білім, мәдениет және тілдерді дамыту, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жол инфрақұрылымы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік салаларына қатысты түйткілді мәселелерді көтерді. Сондай-ақ өзге де сұрақтар қойылды.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініштер бойынша тиісті шешім қабылдау тапсырылды.