Олжас Бектенов Президент тапсырмалары шеңберінде Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

0 2

Премьер-министр Олжас Бектенов орталық мемлекеттік органдардың, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшыларының қатысуымен Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы одан арғы ырықтандыру және бәсекелестікті дамыту, оның ішінде тауар және цифрлық нарықтардағы кедергілерді жою, денсаулық сақтау, байланыс, электр энергетикасы, табиғи монополиялар қызметтері саласындағы реттеуді жетілдіру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Комиссия Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысын қарады. Басым бағыттардың бірі – дәрі-дәрмектерді нарыққа шығару мерзімін 3-5 жылдан 100 жұмыс күніне дейін қысқарту. Денсаулық сақтау министрлігі препараттарды тіркеу мен сараптамадан өткізудің негізгі кезеңдерін біріктіретін «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша композиттік мемлекеттік қызметті енгізуде. Халықтың инновациялық медицинаға кең ауқымда қол жеткізуін және технологиялар трансфертін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия түпкілікті цифрландыру жүргізу және сатып алудың барлық негізгі тізбелеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қатар енгізу мәселесін қарады.

Деректерді Сәйкестендіру кодтарының базасына енгізу үшін қажетті мобильді құрылғыларды верификациялау мәселесіне де назар аударылды. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту туралы» заң жобасы шеңберінде жүргізіліп жатқан институционалды жұмыстар туралы баяндады. Верификация рәсімін заңнама арқылы нақты бекіту тіркеу жүйесінің орнықтылығын және цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Одан бөлек электрондық құжат айналымы жүйелері нарығын дамыту және цифрлық секторда бәсекелестік ортаны қалыптастыру бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарланды.

Инвестиция тарту, жаңа қуаттарды іске қосу және тарифтік жүктемені теңестіру үшін енгізілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмысына қатысты сұрақтар, сондай-ақ теміржолдағы кіреберіс жолдар саласындағы проблемалық мәселелерді жою жайы талқыланды.

Экономиканы ырықтандыру шаралары бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі энергетан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және басқа да қатысушылар пікір білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.