Жамбыл облысында көп балалы отбасылар үшін 12 жатақхана салынуда

0 2

Аймақта облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларды кезектері келгенше баспанамен қамту мақсатында 612 пәтерлі 12 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев  баяндамасында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Жыл соңына дейін  9 жатақхананы  пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 3-і 2020 жылға өтпелі.

Жалпы бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жылы 2 195 адамды баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Тараз қаласындағы 4 жеке инвестор өз қаражаттары есебінен 523 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын жүргізсе, жыл қорытындысымен 89 пәтерлі 2 тұрғын үйін тапсыру жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.