Тараз қаласы әкімінің өкімімен аумақтық округтерге қарасты көшелердің жай-күйін анықтайтын арнайы 13 мобилдік топ құрылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері бекітілген аумақтағы сауда орындарын, көшелерді аралып тұрғындардың тазалық жұмыстарына қаншалықты белсенділік танытқанын анықтауда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайға байланысты 1937 сауда нысандар жабылған. Бүгінде мобилдік топ мүшелері крантиндік режимнен шығуға рұқсат берілетін нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Кәсіпкерлер өзінің аумығын көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, дүкенін сырлап, әрлеп, арықтарын қоқыстан тазалау тиіс. Арнайы санитарлық құралдармен жабдықтап, әкімдікпен мемарандумға отыруы шарт. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда мобилдік топ мүшелері кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға құқылы.