Тараздағы ерекше емші

0 939

Дертіне шипа жоқ деп ауруханадан шығарып жіберген мойынқұмдық азаматты Тараздық емші Динара Орынтаева емдеп жазды. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны Әнуарбек Сейсебаев редакциямызға хат жолдап, халық емшісіне алғысын жеткізді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews”  ақпарат агенттігі.

Әнуарбек Сейсебаев –Мойынқұм ауданының тұрғыны. 2017 жылдан бастап денсаулығы сыр беріп, дәрігерлерге қарала бастайды. Оқырманға түсінікті болу үшін ары қарай кейіпкердің хатын өзгеріссіз беруді жөн санадық:

Жүрегімнің соғысы төмен, соның салдарынан асқазаным мен бауырым ауыратын болды. 2019 жылдың қараша айында дертім асқынып қаралмаған жерім қалмады. Бір апта үйде болсам, он күнім ауруханада өтті. Арысы Астана, берісі Бішкекке дейін бардым. Биылғы жылдың ақпан айында ауруым асқынып, дәрігерлер шипа таппай ауруханадан шығарып тастады. Содан ойламаған жерден Тараз қаласында көзі «рентген» Динара есімді емші барын естідім. Соңғы үмітпен кеудемді сүйретіп Динара Орынтаеваға келіп ем ала бастадым. Содан бері 4 ай өтті. Осы кісінің жасап берген дәрілерін ішіп, дертіме шипа таптым. Еңсем көтерілді. Алдымен Жаратушы сәтін салды, бүгінде бала шағамның ортасында күліп-ойнап отырмын. Динара қарындасым көптеген науқастарды емдеп, Алланың берген қасиетінің арқасында алғыс арқалап жүрген жан. Өзім сияқты ауырып жүргендер болса барып қаралыңыздар, өкінбейсіздер, -деп жазған кейіпкер хатында.

Кейіпкер хатындағы Динара емші бүгінде Тараз қаласында тұрады. Арғы аталары танымал көріпкел болған екен. Бабасы тарихта «Оқшы ата» есімімен танымал. Бүгінде Динара Орынтаева Жаратушының бойына дарытқан ерекше қасиетінің арқасында науқастарды қарап, көптеген адамдарға қолынан келгенше көмектесуде.
Емшінің байланыс нөмері: 8 775 695 93 15
8 771 856 93 15

Leave A Reply

Your email address will not be published.