Облыс аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізуге 220 млн 561 мың теңге бөлінген

0 7
Облыс аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізуге 220 млн 561 мың теңге бөлініп, мүйізді ірі қара малының тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез  ауруына қарсы егілетін вакциналары алынып, алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Қадырұлы айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Аймақта 10 мал сою пункті, 50 мал сою алаңы, 3 ет өңдеу комбинаты және 1 құс өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.
Сондай ақ облыс бойынша мал өлекселерін залалсыздандыратын 41 биотермиялық шұңқыр және мал өлекселерін өртейтін 16 стационарлы, 5 жылжымалы барлығы 21 инсинератор іске қосылған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.