Ауа райына байланысты Алматы мен Астанадан Оралға ұшатын ұшақтар кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдан Оралға Эйр Астана компаниясының ұшағы сағат 08.05-те ұшуы тиіс болатын. Ол әзірге сағат 09.30-ға қалдырылды. Сол секілді Астанадан Оралға 06.50-де ұшуы тиіс осы әуе компаниясының ұшағы да кідіртілуде. Аталмыш компания қызметкерлерінің айтуынша, Оралда тұман болғандықтан, осындай жағдай орын алып отыр.
Дереккөз: inform.kz