Қызылтал ауылдық округінің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық өсімі қандай?

0 0

Мойынқұм ауданына қарасты Қызылтал ауылдық округінің әкімі Мұхит Тілеужанов халық алдында есеп беріп, Айтбай Назарбеков және Қызылтал ауылдарының өткен жылдағы игі істерін қорытындылады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Айтбай Назарбеков ауылында «Өңірдерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 400 мың теңгеге Бейбітшілік көшесіне шағал тас төселді және аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімі арқылы қаржы бөлініп, Биназар көшесі асфальтталды.

Сонымен қатар, «Бизнес- Бастау» бағдарламасы арқылы А.Назарбеков және Көкжиек  ауылдарының бірқатар тұрғындары арнайы оқыту курстарынан өтіп, несие алып, шаруашылықтарындағы мал басын көбейтуде.

Айта кетейік, 2019 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 7 млн. 150 мың теңге қаражатқа А.Назарбеков ауылына егін суы келіп тұрған ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Байбарақ каналы қазылып, тазаланады.

Ал Көкжелек ауылындағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бөлінген 900 мың теңге қаражатқа Т.Әубәкіров көшесіне шағал тас төселді. Сондай-ақ, ауылында 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, қазан айында аяқталып, халықтың игілігіне берілді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы аудандық бюджеттен бөлінген 9 млн. 460 мың теңге қаражатқа ауылға егін суы келіп тұрған Көкжелек каналы қазылып, тазаланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.