Хантау ауылдық округінің әкімі өткен жылдың игі істерін қорытындылады

0 1

Мойынқұм ауданына қарасты Хантау ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Абасов халық алдында есеп берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасылар округ әкімшілігінің үнемі назарында болып келеді. Өткен жылы 28 отбасындағы кәмелеттік жасқа жетпеген 14 балаға 77 784 теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Жұмыссыздарды еңбекке орналастыруда 19 азамат жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде тұрса, олардың 11 — і әртүрлі жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, ауылда 633 бас мүйізді ірі қара, 7 568 бас қой – ешкі, 201 бас жылқы, 1 бас түйе, 730 бас құс тіркелген. Жылдың басымен салыстырғанда қой мен ешкі 1100 басқа, жылқы 40 басқа, МІҚ 160 басқа көбейген.

Ал кәсіпкер Сәтбай Қожамқұлов өз қаражатына асфальт зауытын ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып отыр. Зауытта 30 адам жұмыс атқарды, орташа айлық жалақы 80 000 теңге. Зауыт есепті жылда 14 мың 600 тонна асфальт өндірді. Ақшаға шаққанда 189,8 млн. теңге.

Сонымен қатар, Сәкен Сейфуллин орта мектебінде 33 мұғалім, 206 оқушыға, Ағыбай батыр орта мектебінде 19 мұғалім, 62 оқушыға білім беруде. Мектепке 1 дана интерактивтік тақта және 11 компьютер алынған. Мектеп ішінен 25 балаға арналған шағын орталық ашылған.

Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункті 1 медициналық тірек қызмет атқарады. Онда 5 адам жұмыс істейді, қаржы толықтай игерілген.

Бүгінде округ көлемінде округ әкімдігі Ардагерлер кеңесі, қауымдастық өкілдерімен және Іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.