Сарысу ауданында «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды

0 22

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аллеяның ішінде орындықтар, жаздық сахна, ардагерлердің аты-жөндері жазылған мемориалды тақта, түңгі шамдар және 107 метрлік құбырлы құдық қазылып, жасыл желектерді суаруға арналған бүркіп шашатын су жүйелері орнатылған.

Ал жалпы көлемі-1335 шаршы метрлік жүргіншілер жолақтары мен орталық алаңшаға жасанды төсемелер төселген. Аллеяның жасыл алаңы – 3700 шаршы метрді құрайды. 5 жағынан кейінгі сапасы жоғары бейне-бақылау камерасы орнатылған.

Сондай-ақ, қонақ ретінде Түркістан облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысымен қатар, Шымкент, Алматы, Тараз, Қаратау қалаларынан зиялы қауым өкілдері мен мекеме-кәсіпорын басшылары шақырылған.

Бұған қос, аллеяның шымылдығын ауданының құрметті азаматы Орынтай Дүйсенов пен Сарысу ауданының мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев ашты.

Іс-шараның соңында жиналғандар аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, аллеяның ішін аралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.