Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

0 30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли хабарлады.

10 -ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін жұмыс сапарымен Ресейге барады. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады. Ал, 11- ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді,-делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.