2022 жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде , деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ағымдағы жылдың наурыздың 7-сі мен 12-і аралығында Жамбыл облысының аумағында 10 қару табылып, тәркіленді.
Олардың ішінде 4 дана «Калашников» маркалы автомат, 2 дана «Макаров» маркалы тапанша, 3 дана аңшылық қару, 1 ойық мылтық және әртүрлі калибрлі 400-ден астам патрон бар.
Табылған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.