Сенаттағы президенттік квота қысқартылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Сенатты қалыптастыру және бірқатар қызметін қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта жоғары палата әрбір өңірден сайланатын 2 сенаторды және Президент тағайындайтын 15 депутатты қосқанда 49 сенатордан тұратындығын айтты. Мұндай құрылым өңірлік ерекшеліктерді ескеруге және Мемлекет басшысына заңшығармашылық процесіне тікелей ықпал етуге мүмкіндік бергенін баса айтты.
«Дегенмен, бүгінде алға қарай ілгерілеуіміз қажет. Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентті әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауысы мен пікірін ескеру тетігі ретінде қарастыру керек. Сондықтан мен Сенаттығы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым. Оның үстіне олардың 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылатын болады», — деді ҚР Президенті.