Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

0 23

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамыр айында үш мерекені атап өтеді,  — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

Бұл — 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күні.

1 мамыр жексенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады.

Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. Ал қазақстандықтар 9 мамыр — Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады.

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.