Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.