«EMS-Kazpost» қызметі сәлемдемені әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізеді

0 8

Түрлі тауарлар мен өнімдерді, хат-хабарлар мен құжаттарды жеткізудің отандық нарығында 10 жылға жуық уақыт бойы «EMS Kazpost» курьерлік қызметі табысты еңбек етіп келеді. 2013 жылдың 1 наурызында «Қазпошта» АҚ жанынан жеке құрылымдық бөлім ретінде іске қосылған бұл бағыт бүгінде тұрғындар тарапынан зор сұранысқа ие.

«EMS-Kazpost» қызметінің өкілдері жүк пен құжаттарды Қазақстанның кез келген елді мекеніне, жақын және алыс шетелдерге делдалсыз-ақ жеткізіп береді. Бастысы, сақтандыру мен кепілдік береді. Яғни, аталмыш мекеменің қызметіне иек артқан тұтынушылардың тауардың жеткізілуіне қатысты алаңдауына еш негіз жоқ. Жөнелтілім діттеген жерге қаз-қалпында әрі неғұрлым аз уақыт аралығында жетеді.

Жылдамдық демекші,  EMS (ЕxpressMailService) қызметі — халықаралық EMS кооперативі аясында іске асатын, әлемнің 175 мемлекетіндегі ұлттық пошта қызметі арқылы корреспонденциялар мен жөнелтілімдерді экспресс-жеткізу сервисі. Демек, «EMS-Kazpost» осы 175 шетелдің барлығына бірдей тауарларды, хат-хабарларды жеткізіп, олардан қабылдап алуға қауқарлы. Сол арқылы айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға мүмкіндік беріп отыр. Жергілікті қызмет халықаралық EMS талаптары мен ережелерін қатаң сақтайтынын атап өткен жөн.

Курьерлік қызмет күнделікті жұмыспен тоқтап қалмақ емес. Жүйелі түрде тұтынушыларға ыңғайлы әрі оңай сервистерді ойластырып, жұмысты жетілдіріп келеді. Айталық, өнімдер желісін оңтайландыру мақсатында өткен жылдан бастап жылдам және курьерлік пошта қызметінің жаңа жобалары іске қосылды. Олар — «Gopostexpress», «Gopoststandard» пен «Gopostcity».

Бұл бағыттағы жобаның мақсаты – EMS қызметінің сапасын арттыру, жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу және жеткізу уақытын айтарлықтай қысқарту.  Сол арқылы курьерді шақыру мен маршруттарды сұрыптау жұмысын автоматты түрде жоспарлауға да болады.

Ал «Go Post» мобильді қосымшасының іске қосылуы қызметті одан әрі тиімді ете түсті. Оның көмегімен EMS-жөнелтілімдерді қабылдау мен жеткізудің технологиялық процессі автоматтандырылды. Нәтижесінде байланыс орталығынан, www.post.kz сайтынан курьерді шақыруға өтініштер бірден филиалдардың диспетчерлеріне түсіп отырады. Сол сияқты түскен өтініштерді бақылауға, жөнелтілімдерді жеке әрі заңды тұлғалардан қиындықсыз қабылдауға және беруге, жеткізу мәртебесін көруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, төлемді банк картасы арқылы қабылдауға, операциялық күнді, яғни кассаны автоматты түрде ашуға, шарт бойынша төлемді кіріске жазуға жағдай жасалып, осы бағыттағы жұмыстар біршама жеңілдеп, жүйеленді.

Тізе берсек, «EMS-Kazpost» курьерлік қызметінің жөнелтілімдерді жеткізу бағытында атқарып жатқан жұмысы көп. Олардың әрқайсысы клиент пен қызметкерлердің қолайлылығы үшін жасалған. Аталған жұмыстардың нәтижелі екенін тұрғындардың 10 жылға жуық уақыт бойы дәл осы қызметке сенім артып келе жатқаны дәлел болса керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.