Астанада екі үлкен көпқабатты автотұрақ салынуы мүмкін

0 11

Астананың сол жағалауында екі көпқабатты паркинг пайда болуы мүмкін. Қазір осы жобаларға инвесторларды тарту мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның бірі — Бас прокуратура ғимараты мен Jusan Bank нысаны арасындағы аумақтағы көпқабатты автотұрақ. Сығанақ көшесінің бойында орналасқан ауданы 1,9376 га жер телімі жекеменшік негізінде «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ға тиесілі.

«Қазіргі кезде акционерлік қоғам көп деңгейлі автотұрақ салуға инвесторлар тарту мәселесін қарастырып жатыр», — делінген Астана қаласы Көлік және жол — көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында.

Екінші көпқабатты автотұрақ Жоғарғы Сот ғимаратының артында салынуы мүмкін.

«Бұл аумақта 350 көлікке арналған тегін автотұрақ бар. Қазір осы маңда автотұрақ салу мәселесі пысықталып жатыр», — деп аталып өткен әкімдік мәліметінде.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалада көп қабатты паркинг салу мәселесін көтерген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.