Тұман түсіп, жел күшейеді: 25 қазанға арналған ауа райы болжамы

0 11

25 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы cақталады. Көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazinform. 

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында үш градусқа дейін, Алматы облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.