– 40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

0 2

26 ақпанға арналған ауа райына байланысты еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Абай облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Аягөз ауданында солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

26 ақпанда Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде шығыс желі 15-18 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел 15-18 м/с екпінмен соғады.

Алматы облысының солтүстігінде түнде кей уақыттарда қалың қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көктайғақ жаңбыр, қар) түседі. Солтүстік, оңтүстік, тау бөктері және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, кей тұста 24-29 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы – 40 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында 26 ақпанға қараған түні қалың қар жауады. Таулы өңірлерде бұрқасын соғады. Кей уақыттарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында күндіз кей уақытта қалың қар жауып, көктайғақ болады. 26-27 ақпанда өңірде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болжанады. Түнде облыстың орталығы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын болады. Орталық, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 15-20 м/с, облыстың орталығы мен шығысында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысында жауын-шашын болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік және таулы аудандарда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, +4…+9 градусқа дейін түседі, солтүстігі мен таулы аймақтарында –2 градусқа дейін суытады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ертең еліміздің үш қаласында оқушылар қашықтан білім алады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.