Арнайы топ дәріханадағы дәрі бағасын тексеретін болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
— Халықты толғандыратын негізгі мәселелер аз емес. Дегенмен, негізгі мәселе -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан астам дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын 30 пайыз деңгейінде қамтамасыз етіп отырмыз. Қалғаны сырттан импорт есебінен әкелінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінім қаралуда. Дәрі-дәрмекті сертификаттау және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды, — деді Ералы Тоғжанов
Енді әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қоры, бағасы тексеріліп, препарат бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін дәріханаларды аралап тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді.
— Осының бәрін ескеруіміз керек. Қызуды төмендететін, антибактериалды, вирусқа қарсы препараттарды тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен ғана ішу керек. Өз бетіңізше емделу қауіпті екенін өздеріңіз де естіп, біліп отырған шығарсыздар, — деді ол.