Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаржы қалай жұмсалады

0 21

Қазақстанда коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражат нақты қандай бағытта жұмсалады? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, — деп хабарлайды   “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Оның 40 млрд 58 млн теңгесі – Үкіметтің резервінен аударылып отыр.

«Осы қаражаттың 21 млрд 184 млн теңгесі — жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 млрд 30 млн теңгесі — дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 млрд теңгесі — зертханалық құрылғыларды, коронавирусты анықтайтын жүйелерді сатып алуға, 100 млн теңгесі – коронавирусты анықтайтын реагенттерді әзірлеу мен шығаруға, 13,7 млрд теңгесі – ПТР-тест әдісімен зертханалық зерттеулер қызметіне, 310 млн теңгесі – жедел жәрдем көліктеріне отандық өндірістегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, 131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалады», — деді Алексей Цой.

Министр сонымен қатар республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд теңгесі – медициналық, инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарда медициналық қызмет көрсетуге, 40,4 млрд теңгесі карантин шараларын өткізуге жұмылдырылған азаматтандарды ынталандыруға, 14,8 млрд теңгесі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларындағы инфекциялық ауруханалар кешенін салуға жұмсалатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.