Судың улануы, ауруханаларға жаппай қабылдау туралы ақпарат — фейк

0 6

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желі, мессенджер арқылы тараған фейк ақпараттарға сенбеуге шақырды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні кеше WhatsApp желісі арқылы «судың бәрі уланған, ішпеңдер» деген хабар тараған болатын. Осыған орай денсаулық сақтау министрлігі түсінік берді.

«Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу және ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтарды осындай арандатуларға бармауға және мемлекеттік органдар жариялаған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», — делінген министрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.