Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге арзандап, 490,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 491,88 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 490,71 теңгеден сатып алынады, 493,20 теңгеден сатылады. Еуро 583,72 – 588,50 теңге, ал рубль 6,33 – 6,45 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,31 теңгеден сатып алынады, 74,25 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 489,00 теңгеден сатып алынады, 496,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 582,00 теңге, сату — 592,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 72,07 теңге, сату — 76,48 теңге.
Еске салайық, 10 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге арзандап, 491,88 теңге болды.