Жамбыл облысы тұрғындарының назарына!

0 11

Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне және коронавирус пандемиясы салдарынан бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынуына байланысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуі 19 ақпан күні сағат 11:00-де онлайн форматта өтеді.

Есеп беру кездесуі «Jambyl», «77TV» және «Taraz 24» телеарналарында, облыс әкімдігінің www.zhambyl.gov.kz сайтында, сондай-ақ Instagram (zhambyl.gov.kz), Facebook (https://www.facebook.com/zhambyl.gov.kz), Youtube (Жамбыл облысы әкімдігі) ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын esep2021@zhambyl.gov.kz электронды поштасына, «Ашық диалог» блог-платформасына және jambyl_esep2021 Telegram каналына жолдай алады.

Сондай-ақ, есептік кездесу барысында жамбылдықтар 109 қысқа нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу немесе Skype (esep2021.zhambyl) қосымшасын пайдалану арқылы өз сұрақтарын қоя алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.