Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

0 2

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

-Мемлекет басшысы «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, құжат қарыз беру кезінде мемлекеттік кепілдік пен гранттық жобалар арқылы қарыз беру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.

Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезінде рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекет шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін Президент ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған болатын.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.