Өлім аузында жатқан азамат аурухана палатасында некесін қидырды (фото)

0 20

Англияның Нортгемптон қаласында өлім аузында жатқан науқас сүйіктісімен некесін қидырып, ерлі зайыпты атанған. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шілде айында 33 жастағы Гэри Смарт өзін нашар сезініп жүргенін айтқан. Ол кеуде тұсында ауырсыну сезініп, салмағын жоғалтқан.

Ал қыркүйек айында дәрігерлер азаматтан соңғы сатыдағы қатерлі ісікті анықтапты. Ақ халаттылар оның тек бірнеше күндік өмірі қалды деп болжаған екен.

Өмірмен қоштасуды күткен азамат о дүниеге некелесіп аттанғысы келіпті. Сол себепті, ол үйлену тойын аурухана палатасында ұйымдастырған.

Әл үстінде жатқан жігіттің туыстары мен достары жиналып, Гэри мен оның 31 жастағы қалыңдығы Лаураны ерлі-зайыпты деп жариялапты.

«Ол неке антын беріп, менің қолыма жүзік тағып, мені сүйді. Мен оның қасына жатып, «Форсаж 8″ фильмін көрдік. Ол көліктерд жақсы көретін», — дейді Лаура.

Азамат үйлену тойдан кейін жеті сағаттан соң көз жұмды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.