Жалпақтөбе ауылында этнос өкілдерімен кездесу өтті

0 12

ZHAMBYLNEWS — Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдаулет Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдерімен келелі кездесу өткізіп, достық қарым-қатынас, татулық тұрғысында әңгіме өрбітіп, ұсыныс-пікірлерге құлақ түрді.

Жиынға «Барбанг» этно-күрді бірлестігінің аудандағы өкілі Сабри Асанов пен өзге ұлт өкілдері қоныстанған елді мекендердегі тұрғындар мен ауылдық округтің ардагерлер кеңесі төрағалары шақырылды.

– Пейіліміз түзелмей, мейірім жүрекке орнықпайынша бастаған әр ісімізге береке ұя салады дегенге сену қиын. Өмір атты алып кеменің желкенін татулық пен бірліктің желі ескенде ғана алға жылжып, бағытымыз айқын болатынын ескергеніміз абзал. Ауыл-аймақта орын алған кез келген оқиғалар мен келеңсіздіктің түйінін жергілікті ақсақалдар мен қариялар тарқатып, ортақ байламға келіп, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратқаны жөн деп санаймын. Қасиетті өңірде ойсыздықтың орын алуына жол бермеуіміз керек. Ұлдарын ұлылыққа тәрбиелеп, адалдықты кеңінен насихаттаудың бүгінгі қоғам үшін маңызы зор, – деді Құдайберген Жамбылұлы.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Жиында сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында көтерілген мәселелердің орындалуы жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.