Келесі үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормаға қарағанда 10-18 градусқа суық болатынын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дауылды ескерту 26 қаңтарға дейін сақталады.
Дереккөз: baq.kz