Тараздың тарихи-географиялық орны туризм саласын дамытуға мол мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда шаһарда 28 туристік ұйым, 123 орналастыру орындары, 9 туристік нысандар қызмет атқаруда. Аталған нысандар инфрақұрылыммен толық жабдықталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға келген туристер саны 117 702 адамды құрап, көрсеткіш бір жылда 9 пайызға өсті. Ағымдағы жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.
2026-2027 жылдары туризм саласында 4 инвестициялық жоба іске асыру көзделген.
Туризмді дамытуға жергілікті бизнес өкілдері де үлкен қосуда. Нәтижесінде жаңа қонақ үйлер желісі кеңейіп, мейрамханалар, тамақтану орындары ашылып, демалыс аймақтары салынып жатыр.
Сонымен қатар, бүгінде қала аумағында орналасқан сауда базарларын заманауи талаптарға сәйкестендіру жұмыстары қолға алынды. Соған орай арнайы бекітілген Жол картасы аясында 15 сауда базарын қайта жаңғырту көзделген.
Қазіргі таңда «Нұралы», «Салтанат», «Якка сарай» базарлары қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Ал «Жібек жолы» базарында бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар тек сатып алушыларға ғана емес, сонымен қатар сатушыларға да ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.