2018 жылы жылу энергиясын тасымалдау мен тарату бағасы қымбаттамады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Астанаэнергосервис» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұған дейін қатты аязға байланысты пәтерлерді жылыту үшін жылу шығыны көбейгенін хабарлаған болатынбыз. Тұрғындар тек өздерінің пайдаланған жылуы үшін ғана төлейді. Пәтердегі айсайынғы жылу төлемі тұрғын үйдегі есептеу құралының көрсеткішіне сәйкес белгіленеді. Ауа температурасы көтерілген соң, жылу үшін төлем де азаяды», — делінген хабарламада.