Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?

0 4

Өңірде көктемгі дала жұмыстары басталып, биыл егіс көлемі 665,4 мың гектарға жеткізілмек. Соның ішінде қант қызылшасының алқабы 8,5 мың гектарға дейін ұлғайып, 450 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.

Жиналған өнімді өңдеу үшін өңірдегі қант зауыттарына басымдық берілуде. Атап айтқанда, Тараз қант зауыты 2001 жылдан бері алғаш рет қайта жаңғыртудан өтіп, биылғы маусымда қызылша өңдеуді қайта бастайды. Кәсіпорын жылына 200 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы.

Сондай-ақ Меркі қант зауыты да жұмысын жалғастырып, 250 мың тонна өнім өңдейді. Жалпы, бұл қадамдар өңірдегі қант өндірісін арттырып, қайта өңдеу саласын дамытуға серпін береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.