Күдікті азамат Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен ІІД жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталған.
Қордай ауданына қарасты «Отар» бекетінде сағат 16:00 кезінде «Тoyota Previa» маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізушісі 43 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Ал, салонда отырған жолаушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Қызметтік итті пайдалану арқылы көліктің жүксалғышын тексергенде салмағы 12,6 келі болатын марихуана салынған жол сөмкесі табылды. Заттың жолаушыға тиесілі екені белгілі болды. Ұсталған азамат Қордай аудандық ІІБ жедел-тергеу тобына берілді. Көлік жүргізушісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.