Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерде тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда, Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады.
Дереккөз: 365.kz