Таразда Азияның VI-Агрохимиялық форумы өтеді

0 4

2017 жылдың 2-наурызында Тараз қаласында Азияның VI Агрохимиялық форумы өтеді – деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. «Arai plaza» бизнес-орталығында өткізілетін бұл шара — Қазақстандағы ең ірі жобалардың бірі . Бұл жоба отандық тауарөндірушілер, минералды тыңайтқыш өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кешені өндірісінің өкілдері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ТМД елдерінің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерінің басын қоспақ. Форумның өтуіне өңірдегі ірі кәсіпорын — «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим» МХК АҚ және «КазАзот» АҚ сынды ірі компаниялар мұрындық болуда. Жиындаагрохимия, заманауи технология, өнеркәсіптің дамуы, бизнестің даму тәжірибесі бойынша түрлі тақырыптар талқыланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.