Табыс салығын азайтудан шығатын қаржы жалақыны көтеруге бағытталады — Премьер-Министр

0 6

Табыс салығын азайтудан шығатын қаржы жалақыны көтеруге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Екінші бастама — жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын  көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  айсайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшерін 1 пайыз болуын қамтамасыз етсін», — деді Премьер-Министр.

Бұл ретте Үкімет басшысы салықты азайтудан шығатын қаржыны олардың жалақысын көбейтуге бағытталуын қамтамасыз ету керектігін баса айтты. «Сондай-ақ табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеп, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін нақты ұсыныстар енгізіңіздер.

Жауапты министр Сүлейменов (Ұлттық экономика министрі — авт.) Ерболат Асқарбекұлы (Үкімет басшысының орынбасары — авт.) сіздің бақылауыңызда», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.