Қазақстанда демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады

0 16

Синоптиктер Қазақстанда демалыс және мереке күндеріндегі ауа райына болжам жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы екі тәулікте суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына ықпал етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды», — делінген хабарламада.

Кейін антициклонның келуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды. Антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

9 мамырда көптеген облыстарда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.