6 жасында қос қолынан айырылған тараздық азамат аяқ астынан баспаналы болды

0 0

«Харекет» қайырымдылық қоры қос қолынан айырылған Мағжан Асылбекұлына Тараз қаласынан баспана алып берді. Ер адамға баспананың кілті «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке-4» рухани кешінде табысталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Сүйінші, 9-ыншы үйді иесіне тапсырдық. Қадірлі ағайын! Алла Тағаланың қалауымен Тараз қаласынан алынған бұл баспана Мағжан Асылбекұлына бұйырды. Оқыс оқиға себебінен 6 жасында қос қолынан айырылған бауырымыз бұл күнде отбасылы, бір қызы бар. Үй кілті «Өнер қырандары» театрының Алматы қаласындағы «Берекелі мереке – 4» атты рухани кешінде тапсырылды. Игілікті іске үлес қосқан барша ағайынға алғысымыз шексіз. Алла разы болсын!» – деп жазды әнші.

https://instagram.com/p/Bi0qf-eguZX/?utm_source=ig_embed

Ал желі қолданушылары қиын жағдайда қалған жандарға көмек көрсетіп, баспана алып беріп жатқан қайырымдылық қорына ризашылықтарын білдіріп, істерінің алға басуын тілесіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.