Көбінесе әлеуметтік желідегі пікірлер немесе мессенджерлердегі аудиожазбалар жай ғана «эмоция» болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң алдында бұл — нақты қылмыс.
📜 ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша: Әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет (сөз, жазба, сурет тарату) 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
✅ Не істеу керек?
- Ақпаратты бөліспес бұрын оның рас-өтірігін тексеріңіз.
- Ұлттық намысқа тиетін пікірлер жазбаңыз.
- Арандатушылардың арбауына ермеңіз.
Жамбыл облысы — біздің ортақ үйіміз. Бірлікті сақтау — әр азаматтың парызы.
#ЖамбылОблысы #ЗаңЖәнеТәртіп #Бірлік #АлауыздыққаЖолЖоқ