Белгілі бапкер Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты

0 1

Алекс Азиздің пікірінше, боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет. WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақта  әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз Головкиннің деңгейі төмендегенін айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алекс Азиздің пікірінше, Головкин бұрынғыдай мықты емес, оған тәжірибелі әрі білімді команда керек.

«Головкин бұрынғыдай мықты емес. Ол көп соққы жібереді, бұл жаттығудың көрсеткіші. Абель Санчес ескі мектептің бапкері, бірақ ғалым емес. Головкин дәл Мэнни Пакьяо секілді құбылып жатыр. Боксшының спорттық карьерасындағы соңғы жылдарда тәжірибелі әрі білімді команда қажет, – дейді Азиз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.