Жамбылда өнеркәсіп кәсіпорындары 133 млн-ға жуық өнім өндірді

0 0

Жамбыл облысы 2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын қорытындылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Өндіріс көлемі облыстың он ауданында және Тараз қаласында өсті. Тараз қаласында 83051,5 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, өнеркәсіптік өндірістің индексі 110,5%-ды құрады.

Сондай-ақ, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 17,6%-ға өсуі байқалды. Осыған сәйкес, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында өндіру көлемі өсті.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 118,2%-ды құрап, тамақ және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жоғарылады.

Тағы айта кетерлігі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,3%-ды қөрсетіп, электр энергиясын өндіру жұмысы жоғарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.