Елімізде менингитпен науқастанды деп күдік келтірілген тағы бір адам көз жұмды

0 2

Бүгін Алматы облысында менингококк инфекциясын жұқтырды деп күдік келтірілген тағы бір адам қайтыс болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мекеме өкілдерінің мәлім еткеніндей, науқас 19 маусым күні ауруханаға түскен.

«Зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар тексеруден өтіп жатыр», — делінген хабарламада.
Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясын жұқтырудың 62 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде 4 адам стационарлық түрде ем қабылдау үстінде, 45 адам ауруханадан шығарылды, 13 адам көз жұмды. Алматыда — 6, Алматы облысында — 3, Оңтүстік Қазақстанда — 3 және Қызылорда облысында — 1 адам аталмыш дерттен қайтыс болған.

Эпидемияға қарсы шаралар әлі де жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.