Жамбыл облысында 2 ана өлімі тіркелді

0 6

Бұл туралы бүгінгі облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың қалалық ауруханаларға жасалған тексеріс нәтижесінде айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыста ағымдағы жылмен есептегенде 8600-ге жуық нәресте дүниеге келген. Сондай-ақ, 5 ай қорытындысымен өңірде сәби өлімі төменгі көрсеткіш көрсетуде.

Айта кетерлігі, облыс көлемінде ана мен бала өлімі қатаң бақылауға алынған.

Жұманқұлов Марат Сейітбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Жыл басынан есептегенде осы уақытқа дейін облыста 2 ана өлімі тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс-шаралар қолданып жатыр. Нәтиже айқындалған соң, кінәлілер тиісті жауабын алатын болады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауруханалар жүйесі 82% қажетті техникамен жабдықталған. Оның ішінде қалалық, облыстық перинаталды орталықтар заманауи медициналық құралдармен қамтамасыз етілген.

Жүргізілген тексеріс барысында Еркебұлан Әбілханұлы медицина қызметкерлеріне келген науқастарды жылы шыраймен күтіп алу басты талап екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.