«Халық санағы — 2019» жаңа форматта өтеді

0 12

Қазақстан Республикасында алдағы 2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қазан аралығында кезекті халық санағы өтеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Бүкіл Дүниежүзілік халық санағы бағдарламасының және БҰҰ 2020 жылғы раунд тұрғынүй қорының ұсынымын және 2016 жылғы 16 қыркүйекте Бішкек қаласындағы ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің Шешімін ескере отырып, халық санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

Алдағы санақ екі әдіспен, заманауи ақпараттық технологияларды, атап айтқанды «интернет» желісін және портативті – есептеу құрылғыларын (планшеттерді) пайдалану арқылы өткізу жоспарлануда.

Интернет – сұрау салу санақ басталған кезден бастап 10 күнге жалғасады. Интернет – сұрауға кіру «SANAQ — 2019» веб – сайты арқылы жүзеге асырылады. Респондентті тіркеу ЖСН, куәлік нөмірі, мобильдік телефон нөмірі, код және паролін енгізу арқылы іске асыру жоспарлануда. Телефон нөмірін енгізгеннен кейін респондент мобильдік телефонның көрсетілген нөміріне растау кодымен SMS – хабар алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.