Жамбыл облысында білім беру жүйесі үш тілде оқытуды бастайды

0 7

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап үш тілде оқытуға көшу бойынша биология, химия, физика, информатика пәндерінен 185 мектепте 469 мұғалім ағылшын тілінде оқытуды бастайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Осыған сәйкес, облыста аталған пәндерден осы жылы 571, ал келер жылы 672 педагог ағылшын тіліндегі курстардан өтеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, 11 маусымнан бастап аудандар мен Тараз қаласында жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін 220 педагог жергілікті бюджет есебінен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС-і мамандарының ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі курстардан өтуде.

Айта кетерлігі, облыста үш тілді білім беру жүйесі бойынша 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.