Қазақстандық өнім шығара алатын шетелдік жастарға жағдай жасалады — Үкімет басшысы

0 0

Өз идеясын Қазақстанның өнімі ретінде жүзеге асыра алатын шетелдік жастарға елімізде барлық жағдай жасалмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Kazakhstan Global Investment Roundtable жаһандық инвестициялар жөніндегі «дөңгелек үстел» барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

«Еліміздің көші-қон саясаты өзгеруде. Бұрындары біз барынша жабық болдық және талаптарымыз да қатаң еді. Ал бүгінде технологиялардың өзгеріп жатқанын және сол жоғары технологиялармен жұмыс істей алатын мамандардың керек екенін түсінеміз. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзіңнің кадрларыңды дайындап шығару да өте қиын. Белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан да бүгінде бізге біліктілігі жоғары мамандар қажет екендігін айтудамыз. Олар үшін біздің есігіміз ашық. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде таланттар үшін талас жүріп жатыр. Ал дәл сол кезде есігімізді жауып алып отырсақ, бұл да дұрыс болмайды», — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстан біліктілігі жоғары кадрларды қабылдауға және инвесторлармен бірге жергілікті қызметкерлерді қоса алғанда мамандар дайындауға әзір.

«Біз  Халықаралық IT Startup Hub құрылғанын жария еттік. Ол да «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты бұрынғы ЭКСПО аумағында орналасатын болады. Оны таяу арада іске қосамыз және талабы зор жастар елімізге келуі үшін барлық жағдай жасаймыз. Гранттар, жұмыс орындары мен баспана ұсынатын боламыз. Ең бастысы олар өз идеяларымен  елімізге келіп, сол идеяларын қазақстандық өнім ретінде жүзеге асыруы тиіс», — деді Бақытжан Сағынтаев.

null

Leave A Reply

Your email address will not be published.